Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілді
Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды коронавирус бойынша республикалық шұғыл штабтың Telegram каналында.
Алматы, NEGE. Коронавирус инфекцияның көбеюіне байланысты 15 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді. Адам көп жиналатын банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, отбасылық, естелік, салт және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режимде жүреді.