Батыс Қазақстанда жер сілкінді

Еліміздің батыс аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық деректер орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 24 қыркүйекте түстен кейін болған.

Ұлттық ядрлық орталығы геофизикалық зерттеулер институты желісінің стансалары 2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14:20 шамасында (GMT 09:20) зілзаланы тіркеген.

«Батыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік — 46,07 градус, шығыс бойлық — 53,30 градус. Магнитудасы — 4,1. Энергетикалық класы — 9,2» делінген ақпаратта.

Ал, volcanodiscovery.com мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі Атырау облысының аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен