23 октября 2024 г. 18:04

Батыс Қазақстанда полиция полковнигінің ұлы есірткі тасымалдағаны үшін 10 жылға сотталды

Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция полковнигі Талғат Арыновтың ұлы Нұржан Арынов есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Нұржан Талғатұлы Арынов Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3,5) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген сот қаулысында.

Іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Еске сала кетейік, Нұржан Арынов есірткі сатты деп айыпталып,  15 мамырда ақталып шыққан болатын.