Батыс Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстанда 62 ірі қараны қолды қылған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы криминалдық полиция қызметкерлері Теректі ауданына қарасты Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе БҚО Теректі ауданы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтап, қолға түсірді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш адамнан тұрған қылмыстық топ қазан және қараша айларында еркін жайылыстан Теректі ауданының тұрғындарына тиісілі ірі қара малын ұрлап кеткен. Тексеру барысында мал ұрылары 62 ірі қара малды жымқырса, оның 8-і күдіктілердің қораларынан табылды. Ұсталған азаматтардың біріне тиесілі Toyota Hilux автокөлігі, сондай-ақ күдіктілер ұрланған ірі қара малға айырбастаған Ford автокөлігі тәркіленді. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алып жүрген мал сатушы анықталды.

Ол ұрланған малды нарықтағы төмен бағамен сатып алған. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторна қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»