Батыс Қазақстан облысында супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшы ұсталды

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні ұстады деп хабарлайды Полиция.

Полиция

Алматы, NEGE. Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды