Батыс Қазақстан облысында бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алды

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылында болды. Бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алған.

Полиция

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, Теректі ауданы мектептерінің бірінде болған бұзақылық іс-әрекетке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша оқушылар арасында өзара келіспеушілік негізінде жанжал туындаған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

— Күдікті оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жанжалға қатысы бар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Материалдар сондай-ақ қосымша шаралар қабылдау және осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді