Батыс Қазақстан облысында ас тұзы тапшылыққа айналды
Орал мен Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында ас тұзы тапшы.
Астана, NEGE. Тұрғындар әлеуметтік желіде бос сөрелердің суреттерін жариялап, тұз жоқтығына шағымдануда.
Ал, ірі көтерме сауда компаниясының өкілі жергілікті «Орал апталығы» басылымына аймаққа тұз жеткізу іс жүзінде бір ай бұрын тоқтағанын айтқан. Себебі - қазан айының соңында күшіне енген Үкіметтің жаңа талабы болған.
Талап бойынша, жүктерді «Қазақстан темір жолында» тіркелген жергілікті вагондарда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Соның салдарынан, вагондар мүлде жетіспейді. Қызмет көрсету кезегі үлкен. Ал жылжымалы құрамның бір бөлігі жеке меншік иелерінде. Нәтижесінде арзан «Соль-Илецкая» маркасын сатып алатын ресейлік «Руссоль» компаниясы қазақстандық вагондарды тиеуге алмайтын көрінеді.
Ал, отандық «Арал-тұз» ЖШС қажетті жеткізу көлемін қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, Арал қаласынан тұз жеткізу үшін әлі де вагондар жетіспейды.
Көтерме саудагерлер бір ай бұрын облыс әкімдігіне алдағы тапшылық туралы ескерткендерін айтады. Алайда жағдай өзгермеген.