Батыс Қазақстан облысы аумағына тағы бір ұшу аппараты құлады

Бұл туралы Тасқала ауданының тұрғындары хабарлады, деп жазады «Уральская неделя».

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Мұндай жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр. Бұған дейін 18 ақпанда Бөкейорда аудандағы Ұялы ауылының тұрғындары ақ түсті дрон тәріздес аппарат табылған болатын. 

Ұшу аппаратының бір қанатына сары бояумен «Герань» деп жазылған. Бұған қоса қара түсті нысанға «18358» және «С2ВКМ» нөмірлері басылған.

Тасқала аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Полиция мәліметті 18 наурызда сағат 17.35-те алған.

Белгісіз нысан ұзындығы – 300 сантиметр. Аппарат құлаған орынға аудандық полиция, жергілікті әкімшілік және төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлері шықты.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр