Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін желіде күдіктінің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасының ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.