Батырхан Шүкеновтің бұрын жарияланбаған қызық видеосы шықты

Белгілі әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне де 6 жыл болыпты.

Алматы, NEGE. Көптің сүйікті әншісі 2015 жылғы 28 сәуірде 53 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Бірақ әншінің өзі өлсе де, әнсүйер қауымның құлағында қаншама әні қалды жатталып.  

Бүгін әлеуметтік желіде Батырхан Шүкеновтің достарымен әзілдесіп отырған сәті жарияланды. Бұл бейнежазба Д.Махаматдинованың жеке мұрағатында таспаланған екен. Онда Батырхан образға кіріп, жанындағыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап отыр. Соған қарағанда сахнадан салмақты көрінетін әнші өз ортасында әзіл-қалжыңға жақын болған сияқты. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды