Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің парақшасында жариялады.

Алматы, NEGE. “Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. 

Сондай фильмнің бірі - қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін “Қаhарман” атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген - халық қаһарманы Асқар Забикулин туралы. Бас кейіпкері - өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллин”, - деді министр.