«Баталовтың көңілдесі болдың ба?» – Сотта Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеолар көрсетілді

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бүгін сотталушы Қуандық Бишімбаев сотқа ұялы телефонының құпия сөзін айтты.

Судья Айжан Құлбаева сотта Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеоларды қосты. Видеода Бишімбаевтың Нүкеноваға балағат сөздер айтып, оны Райымбек Баталовпен бұрын болған қарым-қатынасы үшін айыптағаны таспаланған.

Видеода Салтанат Нүкенова киімсіз, тек сыртында күртеше ғана бар.

Бишімбаев әйелінен қайта-қайта «Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?» деп сұраған, видеода Нүкенова «Иә» деп жауап береді.

Алайда, Бишімбаев аталмыш видеоның «монтаж» екенін алға тартып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды