Баталов тарихи ескерткішті елемей отырғаны ма?
Алматы облысының Матай станциясындағы тарихи сәулет ескерткіші – теміржолшылар клубы жойылып кетудің аз-ақ алдында. Отандық телеарнаның бірінде осы мәселе көтерілді.
Алматы, NEGE. Аталған нысан ертеректе еліміздегі үздік клубтардың бірі болған. Мұнда аты аңызға айналған Михаил Калашников жұмыс істеген. Бірақ жергілікті билік тозған ғимаратты қалпына келтірудің мүмкін еместігін айтады. Алыстан қараған адамға Матай ауылдық клубы Рим Пантеонын еске салады. Тарихи сәулет ескерткіші болғанымен, мемлекет қорғауында емес. Облыстағы мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетін Амандық Ғаббасұлы бұл жайлы хабардар ма екен?
Бұл ғимарат Түрксіб теміржол магистралінің құрылысы аяқталғаннан кейін салынды.
Мұнда Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды танымал тұлғалар болған. «Заманында белгілі артистер концерт қойып, ең үздік көркем фильмдер осында көрсетілетін еді», – деп өткенді күрсіне еске алды ауыл ақсақалдары.