Бастауыш сыныптың 60% дәстүрлі режимде оқиды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарды енгізу қажеттігін түсіндірді.

Алматы, NEGE. «Дәстүрлі оқыту – бұл ақпарат пен білімді жалпы беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл белгілі бір мәдениет, бұл әлеуметтену мәселелерін де қамтиды. Ал қашықтан оқыту арқылы мұны үйрету өте қиын», – деді министр елордадағы №73 мектеп-лицейінде.