Бастауыш сыныптарына сабақ тоқтатылды

Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды. 19 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды,  –  деді қалалық білім басқармасы.

Астана, NEGE. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген еді. Бұған дейін бүгін 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған болатын. 

«Қазгидромет» Нұр-Сұлтан және еліміздің 6 облысында боранды дауыл соғатыны жөнінде ескерту жасады.