Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді
15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады.
Астана, NEGE. Жаңа партия өзін Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде таныстырды.
Бастамашыл топ мына бағыттарға басымдық берілетінін атап өтті:
- Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;
- Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;
- Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.
Мәлімдемеге қол қойған бастамашыл топ мүшелері:
1. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
2. Бектуров Ренат Нұрмолдаұлы
3. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
4. Зәкиева Динара Болатқызы
5. Кенжеханұлы Рауан
6. Кузиева Замира Закиржанқызы
7. Қарабасова Лаура Шапайқызы
8. Құсайынов Айғазы Әмірланұлы
9. Лаврентьев Андрей Сергеевич
10. Матжани Нұрбек Сейілханұлы
11. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
12. Сүгірбай Аят Исатайұлы
13. Тауан Мұхамедқали Эдуардұлы
14. Тен Ирина Сергеевна
15. Шибутов Марат Максұмұлы
16. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы
Бастамашыл топ мүшелері 16 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жіберілетінін хабарлады. Сондай-ақ жақын арада партияның құрылтай съезін өткізу жоспарланған.