Басшылығында Бейбіт Әлібеков бар «Respublica» партиясы ресми түрде тіркелді
Қазақстанда жаңа «Республика» партиясы тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні «Байтақ» және Respublika партиялары тіркелді. Екі партия. Бұл толық құқыққа ие партиялар. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір - құжаттары заңнамаға сәйкес келмейді», - деді Қанат Мусин.
Жаңа «Республика» партиясының төрағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалары – кәсіпкерлер Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, кәсіпкер Қуаныш Шонбай және продюсер Нұрлан Қоянбаев.