Баспана бағасы қымбаттап жатыр

Елімізде бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады.

Алматы, NEGE. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда):

- абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға;

- жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше:

- таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде