Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады 

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) баскетболдан әлем чемпионатының Азия аймағы іріктеу турнирінің жаңартылған қуаттылық рейтингін жариялады.


Елорда, NEGE. Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеді. Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия аймағындағы іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінде 4 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 8 ұпаймен D тобында көш бастады. Қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі. Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды