Баскетболдан Азия кубогі: Қазақстан алғашқы іріктеу матчында жеңіске жетті

Қырғызстан астанасы Бішкекте баскетболдан 18 жасқа дейінгі FIBA Азия кубогіне іріктеу басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, 59:42 есебімен жеңіске жетті.

Енді біздің команда Өзбекстан U-18 құрамасымен кездеседі.

Айта кетелік, іріктеуде жеңіске жеткен команда Азия кубогінің негізгі кезеңіне жолдама алады.