Басына оқ тиген науқас аман қалды

Алматылық дәрігерлер басына оқ тиген адамды құтқарып қалды. № 4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары күрделі операция жасап, науқастың бас сүйегінен оқ алып шықты.

Алматы, NEGE. 16 шілдеде №4 аурухананың қабылдау бөліміне сол жақ маңдай самай аймағынан қан кеткен 38 жастағы адам түсті.

«Басы ашық жараланған. Бас сүйектен біреу оқ атқан. Ми ауыр соққы алған. Эпидуральды гематома пайда болған. Маңдай-самай бөліктерінен бөгде дене (оқтың) табылды. Маңдай және самай сүйектері фрагменттік түрде сынған. Бас сүйегінің рентгенограммасы 2 проекциясында қарақұс-самай аймағында қара сүйек сынып, металдан жасалған бөгде дененің табылғаны расталды. Сонымен қатар, миының паренхимасы зақымданған»,- деді Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған