Басы дауға қалған вице-министр қызметінен босады

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың қызметінен босағанын хабарлады. Тиісті қаулыға үкімет басшысы қол қойған.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Вице-министрдің қызметтен кетуіне жуырдағы дау себеп болуы әбден мүмкін. Министрлік қызметкерлерінің бірі Жақыпованың ғалымдарға «жиендік» жасайтынын айтып, «диссертациясының жартысы ұрлықы» деп айыптаған.

Жақыпова мұны әлеуметтік желіде жоққа шығарғанымен, дау одан әрі өрши түсті. Ақталып жазған жазбада қате көп екенін көпшілік бірден байқаған.

Сенаторлар премьер-министрге сұрау салмағанда Жақыпова жылы орнын суытпас па еді, кім білсін...

Ашық ақпарат көздерінен Фатима Жақыповаға қатысты мынадай қысқа дерек таптық: «Фатима Надырқызы Жақыпова. 1968 жылы өмірге келген. С.М.Киров атындағы университеттің «Саяси экономия» факультетін бітірген. 1994 жылы Кентукки университетінде оқыған. Экономика ғылымдарының докторы...»   

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды