Бас санитарлық дәрігер түсінік берді: Науқастарға ұялы телефон қолдануға тыйым салынбаған

Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавируспен ауыратын науқастардың ауруханаларда ұялы телефонды қолдану-қолданбауына байланысты түсінік берді.

Алматы, NEGE.  «Қазіргі уақытта менің жарлығыма сәйкес, «қызыл зонада» жұмыс істейтін дәрігерлерге, медицина қызметкерлеріне ұялы телефондарды, сағаттарды, білезік секілді тағы басқа әшекейлерді пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл заттар инфекцияның одан әрі таралуына себеп болуы мүмкін. Науқастар үшін ұялы телефондарды қолдануға тыйым салынбаған, бірақ ауруханада аудио / фото және видео түсіруге тыйым салынған», - деп жазды Есмағамбетова facebook-те.

Бірақ бейне / аудио және суретке түсіруге салынған тыйым науқастардың туыстарымен және достарымен сөйлесуіне ешқандай әсер етпейді. Бұрындары БҚО-да CVI-мен ауыратын науқастардан телефон алынып қойғаны, оның инфекцияның негізгі көзі болмаса да аурухана жағдайында оның ауру жұқтыру қаупі бар екендігін түсіндірген хабар тараған.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті