Бас санитар: Маска тақпағандар айыппұл төлейді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде далада бетперде тағу тәртібін түсіндірді.

Алматы, NEGE.  Бас санитардың айтуынша, бетперде коронавирустан қорғайды. Оны ғалымдар дәлелдеген. Оған қоса, адам күніне бірнеше рет бетін ұстайды. Оны өзі де байқамайды. Осындайда вирус тыныс алу жолдары арқылы кіріп кетуі мүмкін. Ал бетперде таққан адам бетін ұстаса да, қолдағы инфекцияның жұғу қаупі төмен болады. Осы орайда бас санитар дәрігер бетперде тағуды қай қаулы міндеттейтінін де айтты.  

«Карантин жағдайында жабық үй-жайда және далада бетперде тағу – міндет. Осыған байланысты тиісті талаптар қойылады. Ал осы талаптарды бұзған адамдар жауапқа тартылады», - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты