Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин туралы 2020 жылғы 15 тамыздағы қаулысына өзгеріс енгізді.

Алматы, NEGE.  Құжаттың толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында жарияланды. 

Қаулыға мынадай өзгерістер енгізілді:

1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр поездарының қозғалысын қайта бастауды;";

2) 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарын қайта бастауды;";

3) 2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"4) мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беруді (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар);

5) белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне рұқсат беруді";

4) 2-тармақтың 9) тармақшасында "бассейндердің" деген сөз алып тасталсын;

5) 2-тармақтың 13) тармақшасында "кабинеттерінің" деген сөз "кабинеттерінің/орталықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 2-тармақтың 16) және 17) тармақшаларында "(бассейндерсіз)" деген сөз алынып тасталсын;

7) 2-тармақтың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "

35) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мынадай:

- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысын тоқтата тұру;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

Қазір оқып жатыр

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады