Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Алматы, NEGE. Жаңа қаулыға сәйкес, босанатын жүкті әйелге перзентханаға серіктесін ертіп кіруге рұқсат етілмек. Ол үшін серіктес адамда нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы шарт.
Сондай-ақ, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.