14 марта 2022 г. 11:48

Бас прокурор қаңтар оқиғасы жайлы видео көрсетті

Фото:

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты Мәжілісте арнайы видеоесеп жариялады.

Алматы, NEGE. «Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқанын, адам өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалық объективті жүріп жатқанын білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысамын», – деді бас прокурор Берік Асылов. 

Мәжілісте арнайы көрсетілген видеода қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік хронологиясы көрсетілген. Роликте наразылық шарасы Маңғыстау облысында басталғаны, артынша өзге қалалар қолдау көрсеткені жазылған.

Бас прокуратура мәліметінше, Алматыда 30 мың адам шыққан. 

«Бейбіт митингті лаңкестер өз пайдасына асыруға тырысты. Жолдарға тосқауыл қойылды. Олар халықты арандатып, қылмыстық әрекеттерге итермеледі», – деп жазылды видеода.  

Тегтер: