Бас прокуратура жаңаөзендік жұмысшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

126 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Қазіргі таңда олардың барлығы босатылды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Алматы, NEGE. Бүгін Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев бір күн бұрын полицияға 126 адам жеткізілгенін, 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын - олар ескертумен босатылғанын айтты.

ҚМГ жаңаөзендік жұмысшылардың босатылып, үйлеріне кеткені туралы ақпаратты растады.

Сонымен қатар, Жаңаөзенде жолды жауып тастағаны үшін ұсталған 24 адам босатылды.