Бас прокуратура: Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ

ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіп жатқан жоқ деді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз» делінген Бас прокуратура мәліметінде.