2 сентября 2022 г. 14:27

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілінетін азаматтардың тізімін жасап жатыр

Фото:

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық жасау тізімін дайындап жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

«Әзірге нақты санды айта алмаймын. Қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы кеше тапсырма берді. Экстремистік қылмыс жасағандар мен ұйымдастырушыларға рақымшылық жасалмайды. Қазірдің өзінде 1000-нан астам іс тергелді, 1000-ға жуық адам сотталды», деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Осы орайда Бас прокурордың орынбасары нақты сандар кейінірек айтылатынын атап өтті.

«Тергеу кезінде біз гуманизм әрекеттерін көрсеттік деп айта аламын. Президент қаңтар оқиғаларында ауыр қылмыс жасамаған адамдарды бас бостандығынан айырмау үшін оларға адамгершілікпен қарауды тапсырған. Менің айтайын дегенім, қаңтар оқиғасына қатысты елде 983 адам сотталды, олардың 100-ден астамы нақты мерзімдерді алды», деп қосты ол.

Тегтер: