Бас прокуратура: Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған. Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев растады.

Алматы, NEGE. "Қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Расымен, Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды. Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Әділет министрін өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады