Бас прокуратура бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады
Бас прокуратура кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық берді.
Алматы, NEGE. "Сіздердің Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот актілерімен келіспеу туралы өтінішіңіз қаралды. Сіздің өтінішіңіз бен қылмыстық іс материалдарындағы уәждеріңізді зерделеу нәтижесі бойынша Бас прокуратура 2023 жылғы 27 ақпанда сотқа Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойсын деп кассациялық наразылық келтірді", - делінген Бас прокуратураның құжатында.