Бас мүфти жаназаға бармауға шақырды
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды жаназа кезінде карантин талаптарын сақтауға шақырды.
Aлматы. NEGE. "Қымбатты отандастар, қадірлі жамағат. Қазір бізге керек мәселе - түсінікпен қарап, карантин талаптарын орындау. Қазақтың салтында тойға бару, тойда тілек айту, адам дүниеден өткен кезде топырақ салу деген дәстүр бар. Бірақ қазіргі таңда осы дәстүрлерге түсіністікпен қарап, одан да маңызды - адам өмірі екенін біліп, осыған көңіл бөліп, адамның амандығына барынша барлығымыз үлес қоссақ.
Тілек тілеп, шамамыз келгенше ел амандығын Алладан сұрайық. Қазіргі үкіметтің қойған талаптарын орындайық. Адам көп жерге бармаңдар деп жатыр. Жиындарды уақытша өткізбеңдер деп жатыр. Осыны елдің амандығы үшін сақтайық, сақтанайық", - деді бас мүфти ОКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ егер карантин уақыты ұзартылса, Құрбай айт мерекесіндегі айт намазы мешітте оқылмайды. Құрбандық шалуды қашықтан орындауға болады.
Еске салайық, биыл мұсылман күнтізбесі бойынша 30 шілдеге Арапа, 31 шілде, 1-2 тамызға Құрбан айт мерекесі сәйкес келіп тұр.