Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель тергеу кезінде үйқамақта болады

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгельдиев Сенат кулуарында берген сұхбатында сот екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Кексельге азаптау ісі бойынша айып тағылып отыр.

Ал Қожамжаровтың командасының тағы бір мүшесі Мақсат Дүйсенов қазіргі уақытта Германияда экстрадициялық қамауда отыр.

«БАҚ-та жазылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Экстрадиция процесі басталды. Германия тарапынан бас тарту туралы хабар түскен жоқ. Яғни, біз оның экстрадициясы бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», — деді Қойгельдиев.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?