Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «2025 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1) және 2) тармақтары бойынша («Азаптау») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Игоревна Кексельді күдікті ретінде таныды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, Олеся Кексель бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.