26 января 2026 г. 9:21

Бас прокуратура жанынан Активтерді қайтару жөніндегі қызмет құрылды

Фото: ortcom.kz

Бас прокурор Активтерді қайтару жөніндегі қызмет туралы ережені бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Астана, NEGE. Активтерді қайтару жөніндегі қызмет Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесі болып саналады.

«Қызметтің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Бас прокурор бекітеді», – делінген құжатта.

Қызмет:

  • Мониторинг, талдау, тексерулер басқармасынан;
  • Активтерді қайтару шаралары жөніндегі басқармадан;
  • Бас прокурордың аға көмекшісінен (ұйымдастыру-бақылау жұмысы);
  • Бас прокурордың көмекшісінен (халықаралық байланыстар жөніндегі) тұрады.

Активтерді қайтару жөніндегі қызметтің міндеттері:

  1. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жүктелген міндеттер шегінде заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару;
  2. заңсыз иемденілген, оның ішінде шығарылған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
  3. активтерді қайтару жөніндегі халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді іске асыру.

Қызметтің функциялары:

  • активтерді қайтару жөніндегі қызметті мемлекет атынан және мемлекет мүддесі арқылы іске асыру;
  • Бас прокурор айқындайтын тәртіппен заңда айқындалған субъектілердің және олардың үлестес тұлғаларының заңсыз шығарылған активтері туралы келіп түсетін ақпаратты іздеуге, жинауға, өңдеуге, қорытуға, бағалауға бағытталған активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасауға және оларды қайтаруға арналған ақпаратқа мониторинг пен талдауды іске асыру;
  • қайтарылуға жататын активтерге, оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып, аудит, бағалау жүргізу;
  • Заңға сәйкес жүргізілетін активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды сұрату;
  • Заңда көзделген әлеуетті субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларына қатысты және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу және (немесе) жүзеге асыру;
  • жеке және заңды тұлғалардың активтерді ерікті түрде қайтару туралы арыздарын қарау және олар бойынша Заңда көзделген тәртіппен шешімдер қабылдау;
  • мүлікті тәркілеудің және активтерді қайтарудың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
  • активтерді қайтару жөніндегі қызмет нәтижелерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  • Конституциялық заңда, заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас прокурордың актілерінде көзделген өзге де функцияларды іске асыру.

Бұйрық 2026 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.