Прокурор Легкодимованың өліміне күдіктілерді өмір бойына соттауды сұрады

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, бұл қылмыс бойынша екі адам сотталуда. Олар кісі өлтіргеннен кейін мәйіт пен телефонды өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. 

Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен және сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды, адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады, – деп мәлімдеді прокуратура.

Аталған іске қатысты прокурор ең жоғарғы жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр