Бас прокуратура Талғат Татубаевтың ұсталғанын растады

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бас прокуратура ақпаратты растап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевты ұстағанын хабарлайды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін