Бас прокуратура Шерзаттың үйін өртегендерді ғарыштан түсірілген суреттер арқылы анықтайды

Бас прокуратура өрт болған кезде Шерзат Болаттың үйінің маңында қандай көліктер тұрғанын спутниктік суреттер арқылы анықтамақ.

ТЖМ

Алматы, NEGE. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Екіден көп сараптама жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалардан белгілі бір нәтиже болды. Қазіргі уақытта тексерудің не себепті тоқтап қалғанын айта аламын. Біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық, сондықтан үзіліс болды. Біз спутник арқылы сол кезеңде Шерзат Болаттың үйінің маңында қандай көліктер тұрғанын зерттегіміз келеді. Бұл зерттеу ісіміздің толық әрі нақты болуы үшін қажет», – деді Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Ол суреттерді біраз күтуге тура келетіндіктен тергеу ұзаққа созылатынын айтты.

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша  сот отырысы басталды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты