Бас прокуратура Дана Орманбаеваны іздеуге қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазақстандық журналист Дана Орманбаеваға қатысты жарияланған халықаралық іздеу бойынша пікір айтты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Оған 174-бап бойынша айып тағылып, іздеу жарияланды. Сондықтан оның қайда екенін анықтау үшін барлық тергеу амалдары басталды. Интерпол осы бұл жұмыспен айналысып жатыр. Оның дәл қазір қайда екенін нақты айта алмаймын. Әлеуметтік желіде ол Біріккен Араб Әмірліктерінде деп айтылып жатыр. Әзірге, бізде нақты сенімді ақпарат жоқ», - деді Ғалымжан Қойгелдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде Алматы полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты