Бас прокуратура әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын қабылдайды

Бас прокуратура әскерде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналарын қабылдайды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. 

видеодан скрин

Астана, NEGE. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстваға 12 күн ішінде қаза тапқан сарбаздардың істерін қарап, тергеу барысына құқықтық баға беруді тапсырған болатын. 

Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды,- деді Асылов.

Сонымен қатар бас прокурор әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызмет қорытындыларының негізділігіне баға берілетінін айтты. Бұл  жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылған.

Айта кетейік, 10 қараша күні президент әкімшілігінің алдында бір топ ана әскердегі әлімжеттікке шағымданып, наразылыққа шықты.  Олар қаза тапқан сарбаздардың өліміне қатысты тергеудің әділ болуын және әскери істердің ашық тергелуін талап еткен.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды