28 мая 2024 г. 19:15

Бас прокуратура Алматы полиция Департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Фото: ғаламтордан

Бас прокуратура Алматы қаласы полиция Департаментінің экс-басшысы Қанат Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпаратқа жауап берді.

Алматы, NEGE. «Алматы қаласы полиция Департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Осыған орай, Бас прокуратура көрінеужалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», – делінген хабарламада.