«Барселонаның» жаңа президенті сайланды

«Барселона» футбол клубының жаңа президенті сайланды. Клуб президенті болып 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атанды.

Алматы, NEGE. Жоан Лапорта бұған дейін де «Барселона» президенті болған - ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар арасында атқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет Ла Лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда 12 турнирде топ жарған.  

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.

Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?