«Барселонаның» құрамы жаңаруы мүмкін

Каталондық «Барселонаның» басшылығы пандемия тудырған дағдарыстың салдарынан клуб құрамын өзгертуді ойластырып жатыр.

Алматы, NEGE. ESPN порталының жазуынша, клубтың президенті Хосеп Бартомеу трансферлік терезе ашыла салысымен бірқатар ойыншыларын ауыстырғысы келеді. Клубта «тиісуге болмайтын» үш ойыншы бар: біріншісі, әрине, Лионель Месси. Екіншісі – жартылай қорғаушы Френки де Йонг, ал үшіншісі – қақпашы Марк-Андре тер Штеген.

Ақпарат көзі «Барса» «Интерден» Лаутаро Мартинесті немесе «ПСЖ» клубынан Неймарды сатып алуды көздейтінін хабарлады. Тіпті екеуін де алуы мүмкін екен.

Пандемияның кесірінен Испания чемпионаты уақытша тоқтатылды. Әзірге «Барселона» көш бастап келеді. Бітіспес қарсыласы «Реал» екі ұпай артта.  

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды