«Барселонадағы» Мессидің 10-нөмірін кім алады?

«Барселона» сапынан Лионель Месси кеткеннен кейін командада 10-нөмірмен кім ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа маусымнан бастап каталониялық клубтың 10-нөмірлі жейдесімен Ансу Фати өнер көрсетеді. Фати – «Барселона» академиясының түлегі. Футболшы жарақат алып, былтырғы қарашадан бері ойнаған жоқ. Ла Лига ережесі бойынша 1-ден 25-ке дейінгі барлық нөмірде футболшылар ойнауы қажет.