Бәрпібаевты тексеретін болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты тексеру жүргізді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірігіп, Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаевты тексеруді бастады.

«Тексеру барысындажеке ұшақ Т.Бәрпібаевтың кәсіпкер құдасына тиесілі екені белгілі болды. Бәрпібаев Германияға ота жасату үшін ұшып барған. Бәрпібаевтың судья этикасын сақтаған-сақтамағанын Жоғарғы соттың комиссиясы шешеді» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Т.Бәрпібаевтың отбасымен бірге чартерлік рейспен Германияға ұшып барғаны, онда коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған. Қазір ол ем алып жатыр.