17 июня 2025 г. 12:22

«Барлығы Тегераннан шұғыл түрде эвакуациялануы керек» – Дональд Трамп

Фото: ғаламтордан
АҚШ президенті Дональд Трамп 16 маусым күні барлығын Иран астанасы Тегераннан шұғыл кетуге шақырды. 

Алматы, NEGE. «Иран мен айтқан «келісімді» қол қоюы керек еді. Бұл – нағыз масқара және адам өмірінің босқа қиылуы. Қарапайым тілмен айтқанда, Иран ядролық ядролық қару қолданбауы тиіс. Мен бұл туралы қайта-қайта айтып келемін! Барлығы Тегераннан шұғыл түрде эвакуациялануы керек!» – делінген Трамптың Truth Social әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Алайда ол не себепті барлығын Тегераннан қашуға шақырып отырғанын нақтыламады.

Ақ үйдің өкілі Кэролайн Левиттің хабарлауынша, Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты G7 саммитінен (Канадада өткен) мерзімінен бұрын шығып кеткен.

Сонымен қатар Ақ үйдің хабарлауынша, президент Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне толық әскери дайындықта болуды және оны Ситуациялық бөлмеде күтіп отыруды тапсырған. Бұл – миллиондаған адамның тағдыры шешілетін орын.