«Барыс» ресейлік «Металлург» командасымен бесінші кездесуін өткізеді

Қазақстандық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында бүгін Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен бесінші кездесуін өткізеді.

Алматы, NEGE. Кездесу елорда уақытымен 19:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Биылғы плей-офф сатысында командалар төрт ойын өткізіп үлгерді. Әзірге жеңістер сериясында «Металлург» 3:1 есебімен алда тұр. Бүгін ресейлік клуб жеңіске жеткен жағдайда плей-офф сатысындағы ойындар тоқтатылып, «Металлург» жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Қазірге дейін 1/2 финалға Ресейдің СКА, «Спартак», ЦСКА командалары шығып үлгерді.

Еске салсақ, Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Одан кейін 2:6 есебімен есе жіберді. 5 наурызда елордада алдымен қарсыласына 3:5, одан кейін 2:5 есебімен жол берді. Бес матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда 11 наурызда елордада тағы бір ойын өтеді. Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында төрт мәрте жолықты. Оның екеуінде «Барыс» жарысты жалғастырса, екеуінде «Металлург» клубының жолы болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды