«Барыс» пен «Динамо» командаларының тартысы басталды

«Барыс» жылдың алғашқы матчын өз айдынында Риганың «Динамо» командасымен өткізуде.

Алматы, NEGE. Юрий Михайлистің шәкірттері 44 бәсекеден кейін 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді.

Ригалықтар 43 ойыннан кейін 37 ұпаймен Батыс конференциясында 12-сатыда тұр.

«Барыс» жаңа жылдың алдында өз айдынында «Салават Юлаевқа» тартысты ойында 1:2 есебімен есе жіберсе, «Динамо» сырт айдында овертаймда Нижний Новгородтың «Торпедосын» (4:3) ұтты.

Қарсыластар қыркүйекте Ригада кездесіп, онда айдын иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан бүгінгі ойын «Барысқа» оңайға түспейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр