«Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

«Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды. Осыған байланысты хоккей клубы алдағы кездесулерін кейінге шегеруге мәжбүр болып отыр.

Алматы, NEGE. «Барыс» командасының қатысуымен КХЛ-дың тұрақты чемпионатының алты матчы өтуі керек еді. Атап айтқанда қазақстандық команда ригалық «Динамомен» 18 қыркүйек күні, «Северсталь» командасымен 20 қыркүйекте, «Металлург» командасымен 22 қыркүйекте, «Куньлунь» командасымен 21 қыркүйекте, «Витязь» командасымен 29 қыркүйекте, «Сочи» командасымен 1 қазанда кездесуі керек болған. Бұл ойындардың бәрі де кейінге шегерілді», - деп хабарлайды спорт клубының ресми сайты. Хабарланып отырғандай, «Барыс» командасы мен жаттықтырушылар штабының 12 мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталған. Осыған байланысты бүкіл команда екі апталық карантиннен өтуі керек. КХЛ матчтарының қай күнге шегерілгені туралы алдағы уақытта қосымша хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты